Экономика • 26 Сәуір, 2023

Тауарлар кодын іздеудің онлайн-сервисі іске қосылды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тауарлар номенклатурасының кодын іздеудің онлайн-сервисі пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тауарлар кодын іздеудің онлайн-сервисі іске қосылды

Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға барынша ыңғайлы жағдайлар қарастырып келеді. Осы мақсатта тауарлар номенклатурасының кодын іздеудің онлайн-сервисі ұсынылды. Ол үшін keden.kz сайтына өту керек. Бұл сервисті одан әрі жаңарту Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері негізінде жүзеге асырылады.

Кедендік рәсімдеуді жүргізу кезінде маңызды процестердің бірі кедендік төлемдерді есептеу, тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын айқындау, лицензиялар алу үшін пайдаланылатын тауарлардың кодын айқындау екені белгілі.

Тауар кодын дұрыс анықтамау кедендік төлемдер мен салықтарды дұрыс есептемеуге әкелуі мүмкін.