Президент • 27 Сәуір, 2023

Президент бірқатар азаматтарды марапаттады

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысында Мемлекет басшысының Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент бірқатар азаматтарды марапаттады

І дәрежелі «Достық» орденімен:

  1. Ким Гера, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Азия зерттеулер институтының директоры;
  2. Ким Константин Станиславович, «Коре ильбо» республикалық газетінің бас редакторы. 

«Құрмет» орденімен:

  1. Бугинас Бронислав Казисович, «Lituanica» литвалықтар ҚБ мүшесі;
  2. Микаелян Наринэ Гамлетовна, «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары. 

«Шапағат» медалімен:

Кан Алина Александровна, «Сөйле» тілдесу клубының қазақ тілінің оқытушысы;

Останькович Дмитрий Валерьевич, «Радима» беларусь мәдени орталығы» ҚБ төрағасы;

Тумгоев Юсуп Лом-Алиевич, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ЗТБ мүшесі. 

Сонымен қатар Костенко атындағы шахтаның тау-кен жұмысшысы Даниель Дильге, блогер Иван Червинскийге және Қазақстан халқы Ассамблеясының Франциядағы достық елшісі Оборон-Туар Малгожатаға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.