Қоғам • 27 Сәуір, 2023

Шығыс Қазақстандағы өзен-көлдердің деңгейі күрт көтерілуі мүмкін

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысындағы өзен-көлдердің деңгейі күрт көтерілуі мүмкін. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, өңірде толассыз жауын жаууы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстандағы өзен-көлдердің деңгейі күрт көтерілуі мүмкін

Сонымен қатар күн күрт ысиды деген болжам бар. Сондықтан таудағы қар еріп өзендер тасуы мүмкін.

Су тасыған жағдайда Қатонқарағай, Алтай, Самар аудандарындағы тау арасы мен өзен жағасын қоныстанған ауылдарға қауіп төнуі мүмкін.

Жалпы, елдің шығысында көктемде су тасқыны үш толқынмен өтеді. Алғашқысы наурыз бен сәуірде болса, екіншісі мамырда болуы мүмкін. Ал соңғысы таудағы мұздықтар ерігенде, яғни маусым мен шілдеде өтеді.