Хоккей • 27 Сәуір, 2023

Үшінші ойынында есе жіберді

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Францияның Анже қаласында өтіп жатқан әлем чем­пионатындағы жеңісті жолын жал­ғастыра алмады.

Үшінші ойынында есе жіберді

Сергей Старыгин шәкірттері чемпио­наттағы үшінші тур ойынын Дания хок­кейшілерімен өткізіп, қарсыластарына ірі есеппен жол берді – 8:3. Кездесудің есебін үшінші минутта жерлестеріміз аш­қанымен, матч соңына дейін жеңісті уысында ұстап тұра алмады. Бұл матчта Қазақстан құрамасы сапынан Семен Симонов (3-минут), Әділ Бейсембаев (30) және Александр Ким (35) мергендік танытты. Ал Дания хоккейшілерінен Даниэль Ольссон, Альберт Шиолдан және Ларсен Матиас дубльдің авторлары атанса, Оскар Фискер Мёльгаард пен Оскар Гроссман бір-бірден гол соқты.

Үш турдан кейін Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен бірінші дивизионның «А» тобындағы турнир кестесінде екінші орынға түсіп қалса, Дания бірінші орын­ға кө­­те­ріліп алды. Жерлестеріміз чемпио­нат­тағы төртінші ойынын кеше Украина хок­кей­шілерімен өткізді.