Қазақстан • 28 Сәуір, 2023

Уран банкі: Халықаралық қоғамдастық сенімі

312 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өткен аптада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси Қазақстанға келгені белгілі. Аустралиядан ат терлетіп келген мейман Өскемендегі Төмен байытылған уран банкінің жұмысымен танысты.

Уран банкі: Халықаралық қоғамдастық сенімі

Пре­зи­де­нт Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Рафаэль Грос­сиді қабылдап, оның сапары Қазақстан мен агенттік ара­сын­дағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін ма­ңыз­ды екенін атап өткен-ді. Бұдан бөлек, шетелдік қонақ­пен Энер­гетика министрі Алмас­адам Сәтқалиев те кез­дес­ті. Қа­зақ­стан мен АЭХА ара­сын­дағы техникалық ынты­мақ­тастықты ортамерзімді жос­пар­лау үшін негіз болатын 2023-2028 жылдарға арнал­ған ел­дік негіздемелік бағдар­ла­ма­ға қол қойылды.

Төмен байытылған уран банкі – Үлбі металлургия зауы­ты­ның аумағында 2019 жылы құрылған төмен байы­тыл­ған уран резерві. Оның міндеті – АЭХА-ға мүше жекелеген мем­лекеттерде ядролық отын өнді­ру үшін шикізаттың кепіл­ді қорын қалыптастыру. Жет­кізуде кідірістер болған жағ­дайда, бұл елдер банкте сақ­тал­­ған материалды пайдалана алады.

Уран гексафториді түрін­де­гі төмен байытылған уран – атом реакторында қол­да­ны­латын негізгі шикі­зат. Ма­те­риал беріктігі жоғары болаттан жасалған герметикалық цилиндрлерде сақталады. Яғни қатаң сынақтан өтетін және барлық халықаралық қауіпсіздік стандартына сәйкес келетін арнайы сертификатталған контейнерлер қолданылады.

Өскеменге сапар барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Мұқанов Төмен байытылған уран банкінің Қазақстан аума­ғын­да орналасуы еліміздің оң имиджіне ықпал ететінін жет­­кізді. «АЭХА – ең заманауи технологияларға қол жет­кі­зу­ге мүмкіндік беретін бі­ре­гей ғылыми алаң, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіп атом өнер­кәсібі мен ядролық техно­ло­гия­ларды дамы­ту сала­сын­да­ғы бір­лес­кен жұмы­с­­ым­ызды жал­ғас­­ты­ра­ды», деді ол.

Сапар кезінде делегация Үлбі металлургия зауытына ен­­ші­­лес кәсіпорын – «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-ның жылу бөлгіш құ­растырмалар шығаратын зауытына ат басын бұрып, атом электр стансаларына ядролық отын дайындау үдерісімен танысты. Кәсіпорын 2021 жыл­дың соңында пайдалануға бе­ріл­ді, оның жобалық қуат­ты­лығы жылына 200 тонна өнім­ді құрайды. Жоба өнді­ріс­ті әр­та­рап­тандыруға және қо­сыл­ған ең жоғары құны бар жоғары сапалы экспортқа бағ­дарланған өнімді алуға сеп­ті­гін тигізді.

АЭХА бас директоры Үлбі металлургия зауытының жұ­мы­­сын жоғары бағалап, қыз­мет­керлердің жоғары кәсі­би­лі­гіне тоқталды. «Қазақ­стан Республикасының Төмен ба­йы­тылған уран банкін құру үшін зауытты таңдау туралы ше­шім дұрыс болды. Мұның дұрыс екеніне әбден көзім жетті», деді Рафаэль Гросси.

Үлбі металлургия зауы­ты­ның басшысы Сергей Беже­цкий биыл АЭХА Төмен ба­йытылған уран банкінде сақ­тал­ған 24 цилиндрден тұратын бірінші партияны қайта сертификаттауды жоспарлап отыр­ға­нын атап өтті. Қалған 36 ци­лин­дрді сертификаттау 2024 жылы жүзеге аспақ. Әлемдік тәжірибеде алғаш рет материалды алмай-ақ, қайта сертификаттау толтырылған цилиндрлерде жүргізіледі. Үлбі ме­тал­лургия зауыты қайта серти­фикаттауға дайындыққа қа­ты­сады, оны өткізу барысында АЭХА-ға қажетті көмек көр­сетеді.

Айта кету керек, АЭХА Төмен байытылған уран бан­кін орналастыру үшін Үлбі металлургия зауытының таңдалғаны кездейсоқ емес. Кәсіпорын уран гекса­фто­ри­ді­мен 50 жылдан бері жұмыс істеп келе­ді. За­уытта барлық қажетті ин­фра­­­құрылым, білікті персонал, көлікке қолжетімділік, се­­­­­німді физикалық қорғаныс жү­­­йесі бар.

«Қазақстан – әлемдік атом нары­ғындағы ең ірі ойын­шы, ал Төмен байытылған уран банкін құру жөніндегі жо­ба­­ны іске асыру – табыс­ты ынты­мақ­тас­тық­тың жақ­сы үлгісі, сон­дай-ақ атом энер­ге­ти­ка­сы­ның қауіпсіз және пай­далы екенін растау», деді Рафаэль Гросси.

Айта кетерлігі, өткен аптада Еуропалық одақ атом мен газды жа­сыл энергетика қата­рына қосу туралы шешім қа­былдады. Осы орайда, АЭХА басшысының сапары стра­тегиялық маңызы зор еке­­нін айта кеткен жөн. Бұл ха­лық­­аралық қоғамдастықтың елі­міз­ге артқан сенімі, ядролық са­ладағы барлық халықаралық та­лапты сақтайтынымызды біл­­діреді.