Пікір • 27 Сәуір, 2023

Бүтін бір ұлт

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ассамблеяның осы сессиясында бүтін халқымыз үшін терең дүниелер көтерілді. Осы тұста біз қазақ халқы деп төлқұжатына қарамай, ұлан-ғайыр атырапта тұратын, елдің төл дәстүрімен сусындап өскен, оның болмысы мен дүниесін бойына сіңірген азаматтарды айтамыз.

Бүтін бір ұлт

Мұны Мемлекет басшысы да атап өтті. Яғни біз этнос ұғымынан әлдеқайда жоғары ұлт ұғымына бірігеміз. Жаңа дә­уірге қадам басқан Қазақ­стан­ның болашағын бірге құ­руы­мыз керек. Шын мәні­сін­де, Ассамблеяның ең басты мақ­са­ты – халықтың бірлігі мен та­ту­лығын қамтамасыз ету және өзара мәдениетаралық байланыста ұлт негіздерін ны­ғайту.

Ассамблея – қайта­лан­бас ерекше институт. Ол мемлекеттік не этносаралық қарым-қаты­нас­тарды реттейтін уәкі­летті орган емес. Бұл – кон­сультативті орган. Яғни Ассам­блея өзінің іс-әрекеттері арқылы аза­маттардың сана-сезіміне, олар­ға мемлекетқұраушы болмысты енгізуге ық­пал­дасатын бірден-бір орта.

Жиынның бірінші күні бұл мәселелер жан-жақты талқыланды. Мем­лекеттік тілдің мәртебесі тура­лы көп айтылды. Басқа этнос өкілдері та­­ра­пынан «білім беру ошақтары, әсіресе балабақша мен мектеп қазақ тілінде оқытуды жүйелесе» деген тезистер айтылды. Демек бұл олар үшін қазақ тілінің маңызды екенін көр­се­теді.

Қоғамда «Ассамблея тек бас­қа этносқа керек» деген пікір­лер­ айтылып қалады. Бұл – қате ұғым. Ассамблея бәрі­мізге де керек. Ол татулықты, мә­де­ниет­ара­лық байланысты, бір-бірі­міз­дің құқықтарымыз бен ерек­ше­ліктерімізді құр­меттеуге кө­мек­теседі. Кон­суль­тативті ор­ган елі­­міз­дег­і диаспора өкіл­де­рінің қа­зақ тілін үйренуге деген ынтасын арттырып, нәтиже шығарады. Ассамблея­ның Президент айқын­дап кеткен басты бір бағыты – барлық этносты қазақ ұлтының аясына ұйыстыру.

 

Индира РЫСТИНА,

Қазақстан халқы

Ассамблеясы Хатшылығы

меңгерушісінің орынбасары