Қоғам • 28 Сәуір, 2023

Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған ана табылды

995 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 сәуір күні қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған ана табылды

24 сәуірде қоқыс жәшігінен шақалақтың табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Нәресте анадан туған күйінде полиэтилен пакетінде болған.

Табылған сәбиді дәрігерлер қарауына алды. Олардың айтуынша, бала табылғаннан 7-8 сағат бұрын дүниеге келген.

Полиция нәрестенің анасын іздеп тапты. Ол 25 жастағы әйел болып шықты. Жас ана ажырасқан. Әйелдің қоқыстан табылған сәбиінен өзге 3 баласы бар. 

Ал қаладағы қамқоршылық бөлімі баланы асырап алуға рұқсат берілетінін айтты.