Қоғам • 28 Сәуір, 2023

Мемлекет медиасында қазақ тілінің үлесі артып келеді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өтіп жатқан «Qazaq Forum» интернет форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет медиасында қазақ тілінің үлесі артып келеді

«Мемлекеттік тілдің БАҚ-тағы үлесі арта түсті. Мысалы, өткен жылы мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 83 пайызды құрады. Атап айтқанда, телеарналардағы қазақ тілінің үлесі 77 пайызға жетсе, баспа БАҚ-тағы - 85 пайыз, интернет-ресурстарда - 87 пайызға жетті», деді министр.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта медиа нарықта қазақ тілді БАҚ-қа жарнама берушілер қатары да артып келеді. Қазақстандық ресурстарда PR мақалалардың орналастырудың өсімі байқалады. Осы ретте, интернет-жарнаманы реттеу, әлеуметтік желілердегі интерфейс пен жарнамалық алгоритмдерді, монетизациялау жүйесін қазақ тілінде жасау өте маңызды.

«Аталған мәселе министрлік әзірлеп жатқан «Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» заң жобасында қарастырылуда. Жалпы, бұл заң жобасы бірінші кезекте азаматтардың құқығын қорғауға, онлайн-ортаны қауіпсіз және ашық түрде дамытуға бағытталған. Өздеріңізге белгілі, бүгінде БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр», деді министр.