Кеше Алматыда OCTAGON 44 турнирі өтті. Онда 28 жастағы боксшы Ф.Шәріпова 22 жастағы ресейлік Илона Бондаренкомен жұдырықтасты.
Қазақстан спортшысы бұған дейін екі жекпе-жегінің алғашқы раундында-ақ жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы да дәстүрден жаңылған жоқ. Ф.Шәріпова бірден шабуылға шығып, қарсыласына бірнеше соққы жасады. Ол кездесудің 13-секундында қарсыласын нокаутқа түсірді.