Ерлер арасындағы бәсекеде жарыс жолына шыққан Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екінші айналымда әлемнің жетінші ракеткасы даниялық Хольгеру Рунемен шеберлік байқасып, үш сетке жалғасқан тартысты матчта – 1:6, 6:4, 6:7(9:11) есебімен жеңіліп қалды. Бәсеке екі сағат бес минутқа созылды.
Ал қыздар арасындағы ел үздігі – Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 62-орында тұрған 24 жастағы ресейлік Анна Калинскаяның осал тұсын таба алмады. Бұл кездесу де үш сетке жалғасып, ресейлік теннисші 5:7, 6:4, 2:6 есебімен басым түсті. Сонымен қатар Юлия Путинцева франциялық Каролин Гарсиядан (5-орын) екі сетте жеңілсе (3:6, 4:6), жұптық сындағы отандасымыз Анна Данилина мажарстандық Тимеей Бабошпен бірге Марте Костюк (Украина) пен Елене Рузе (Румыния) жұбына жол берді – 4:6, 6:4, 10:12.