Теннис • 01 Мамыр, 2023

Billie Jean King Cup: Жас теннисшілер іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетті

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша Billie Jean King Cup әлем чемпионатының іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Billie Jean King Cup: Жас теннисшілер іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетті

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан қыздар командасы В тобында Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

Бірінші ойында Ариана Гогулина Нгуенді 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Полина Слепцова Нгоны 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Жұптық сында А.Гогулина Анастасия Крымовамен бірге апалы-сіңлілі Нголардан 6:3, 6:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Ярослава Шведованың шәкірттері өз тобында көш бастады. Ертең қазақстандық қыздар Иран құрамасымен ойнайды.