Бокс • 01 Мамыр, 2023

Қазақстанның екі боксшысы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

728 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талғат Сырымбетов (60 келі) пен Айбек Оралбай (92 келі) Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның екі боксшысы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Сырымбетов алғашқы жекпе-жегінде тай боксшысы Сакду Руамтхамды жеңді.

Талғаттың келесі қарсыласы иорданиялық Мохаммад Абу Джадже болмақ.

Бірінші айналымда Айбек Оралбайдың қарсыласы 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болгариялық Радослав Панталеев болды. Ол бірінші раундта Панталеевті нокдаунға түсірді.

1/16 финалда Айбек  соңғы әлем чемпионатында сенсациялық түрде финалға шыққан итальяндық Азиз Аббес Мухидинмен жұдырықтасады.