Олимпиада • 02 Мамыр, 2023

Елордада халықаралық Менделеев олимпиадасы басталды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 1-6 мамыр аралығында мектеп оқушыларының химия пәні бойынша халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елордада халықаралық Менделеев олимпиадасы басталды

Олимпиадаға 20-дан астам елден келген оқушылар қатысады. Оның ішінде Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерден қатысушылар бар. Команда құрамалары бұған дейінгі  ұлттық химия олимпиадаларының нәтижесінде анықталып, іріктелген. Қазақстан атынан 15 оқушы қатысады.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады. Оның екеуі теориялық және біреуі тәжірибе жүзінде өтеді. Бірінші кезең тапсырмалары күрделілігі бойынша арнайы химия сыныптарының бағдарламасына сәйкес келеді. Екінші кезеңде қатысушыларға химияның бес бөлімі бойынша жоғарырақ деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Бес сағаттық тәжірибелік кезеңде оқушылар химиялық зертханаларда заттардың химиялық сараптамасын жүргізіп, ұсынылған әдістеме бойынша синтез жасайды.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар беріледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дәрежелері бойынша дипломдар мен медальдар табысталады. Абсолютті жеңімпазға жарысты ұйымдастырушылар тағайындаған академик Валерий Лунин атындағы сыйақы беріледі.

Олимпиаданы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Ресейдің М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің химия факультеті және Андрей Мельниченко атындағы қор ұйымдастырып жатыр.