11 Шілде, 2014

Қызмет өрісі кеңеюде

262 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
P1220874Облыс аумағындағы үш ұлттық парк пен ЮНЕСКО-ның Табиғат мұрасы тізіміне енгізілген бірегей Қорғалжын мемлекеттік орнитологиялық қорығы туристер үшін өлкеміздің атын әйгілеп тұр. 2013 жылы олардың саны 1 миллионға жуық адамды құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 36 пайызға жоғары болып отыр. Туристік қызмет көлемі 1,5 есеге артып, 2 миллиард 300 миллион теңгеге жетті. Бүгінгі таңда облысымызда туризмнің барлық түрі бойынша қызмет көрсетіледі. Туризм қыз­метін негізінен туристік мекемелер ұсынуда. Олардың қатарында шипажай-сауықтыру мекемелері, ұлттық парктер, туристік фирмалар бар. Бүгінгі күні облыста шағын және орта кәсіпкерлік нысанына жа­та­тын 739 кәсіпорын туризм сала­сында жұмыс істейді. Мұ­ның өзі аймағымызда туризм сала­сы­ның жоғары деңгейде, жан-жақ­ты дамып келе жатқандығын айғақтайды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баев ел халқына арнаған «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалып­тас­қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында мемле­ке­ті­міздің ұзақ мерзімді даму бағ­да­рын айқындап берді. Бұл тарихи құ­жатта, әсіресе, туризм саласын да­­мы­­тудың маңызын, одан ел эко­но­ми­­­касына қомақты қаржы түсіріп, та­­быс табуға болатыны жөнінде айт­­­қан болатын. Өйткені, туризм бү­­­гінде серпінді дамып келе жат­­­қан са­лалардың бірі болып табылады. Щучье-Бурабай курортты айма­ғының құрылуы өңірдегі туризм саласын дамытуға айтарлықтай серпін берді. Бүгіндері бұл бағ­дарлама тікелей Үкімет басшы­сының жіті назарына алынып, арнайы экономикалық аймақта туристік кластерді дамыту үшін 2012-2013 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен 17 миллиард теңгеден астам қар­жы бөлінді. Қазіргі уақытта бұл қаржыға автокөлік жолдарын жөн­деу, жаңарту жұмыстары жүр­гізі­луде, инженерлік коммуни­ка­ция­лар жаңартылып, экология­лық проблемалар шешімін табуда. Сон­дай-ақ, мұнда қазіргі заманға сай туристік кешендер бой көтеріп, де­малушылар игілігіне қызмет жа­сау­да. Әсіресе, солардың ара­сын­­да Индустрия және жаңа тех­­­нологиялар министрлігінің тап­­­сырмасымен қолға алынған бес жұл­дызды «Burabay Lakes Resort Hotel» туристік қонақ үй ке­шені, «Оқжетпес» шипажайы, «Көк­шетау» парк отелі және «Қа­зақ­стан Лапландиясы» сияқты ту­ристік нысандар бүгінгі күні елі­міздегі демалу индустриясының көш­басшысы ретінде танымал болуда. Туристерге жағдай туғызу үшін Көкшетау қаласындағы әуе­жайды жаңарту жұмыстары аяқтал­ды, яғни әуежай терминалы саға­тына 200 жолаушыны қабылдау мүм­кіндігіне ие. Әуежай жаңа заман­ғы әуе рейстерін қабылдауға және жолаушыларға халықаралық стан­дартқа сай қызмет көрсетуге мүм­к­ін­дік алды. Мұның өзі курорт­ты аймақтың әлеуетін арттыруға және туристерді тартуға оң ықпал ететін болады. Жалпы, курортты аймақта туристік кластерді дамыту­дың бағдарлары жан-жақты қарас­тырылған. Мәселен, қазір барлық демалыс орындарының 50 пайызға жуығы қысқы демалыс шараларын ұйымдастырған. Сондық­тан, дема­­лыс орындарының қысы-жазы толық жүктемемен жұмыс істеулерін қамтамасыз ету ең басты мәселе болып отыр. Бұл бағытта жаңа бағдарлама шеңберінде көптеген шаралар жоспарланған. Ақмола облысында Бурабайдан да басқа табиғаты көркем өңірлер аз емес. Зеренді, Сандықтау, Ерей­ментау, Ақкөл, Бұланды, Қорғал­жын өңірлерінде де туризм біртіндеп дамып келеді. Зеренді аймағында бүгінде көптеген демалыс орын­­дары, оның ішінде қысқы дема­лыс орындары жұмыс істейді. Со­нымен қатар, ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық көрмесі аясында Целиноград, Аршалы, Қорғалжын аудандарында этноауылдар құру жобасын жүзеге асыру қолға алынды. Мұның өзі көрмеге қатысу үшін келетін мыңдаған туристердің қазақ халқының бай тарихы, төл мәдениеті, дәстүрлерімен таны­суларына мүмкіндік береді. Соңғы жылдарда туризм сала­сын жарнамалау және насихат­тау жөніндегі материалдар шығару көлемі де артып отыр. Бұдан жарнамалық өнімдердің саны ғана емес, сапасы да жақсара түсті. Осының нәтижесінде облысы­мыздың демалыс орындары туралы ақпараттар аумағы кеңеюде. Облысымызда «Туризм. Сауық­тыру. Саяхат» туристік жәр­мең­кесін өткізу берік дәстүрге айналды. Сондай-ақ, біз жыл сайын республикалық деңгейде өткізілетін «ITFA-2013», «Туризм. Сауықтыру. Саяхат» халықаралық туристік көр­­месі мен республикалық «Сарқылмас саяхат-2013» көрме­сіне және Ақтөбе қаласында өт­кен «Шеберлер ауылы» атты қол­­дан­балы өнер иелерінің ІV  респуб­ликалық фестиваліне де белсене қатысудамыз. Содан болар, облысымызға шетелдерден келетін туристер қатары көбейіп отыр. Шынарбек БАТЫРХАНОВ, Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы. Ақмола облысы