Сауда • 03 Мамыр, 2023

Шеринг тренді – қайырымды сыйлық үрдісі

341 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отандық аналитиктер шеринг тренді елімізде белсенді айна­лымға ие болғанын, сондай-ақ отандастарымыздың қандай тауарларды сыйға жиі беретінін және басқалармен салыстыр­ғанда қай қалалардың тұрғындары заттарын тегін беруге дайын екенін анықтады.

Шеринг тренді – қайырымды сыйлық үрдісі

Коронавирус пандемиясы күшейткен саналы тұтыну трен­ді қарқын алып келе жатыр деп нық сеніммен айтуға болады. Еліміздегі белсенді маркетплейс саналатын OLX сервисінің деректері бойынша азаматтар «Сыйға беремін» санатындағы хабарландырулардың саны артып келеді. Бұл үрдіс үшінші жыл қатарынан сақталып отыр.

Өткен жылдың сәйкес кезеңі­мен салыстырғанда, осы санат­тағы хабарландырулар саны 3%-ға өсті, ал алдыңғы есепті жылдары өсім сәйкесінше 5% және 10%-ды құрады.

«Еліміздегі мұндай үрдіс мәж­­бүрлі оқшаулау кезеңінде ерек­­ше танымалдылыққа ие болды. Сірә, пандемия саналы сатып алудың өсуіне және заттарға ұқыпты қарауға түрткі болған сияқты. Биыл тұрғындар ересектер мен балаларға арналған заттарды, сондай-ақ үй мен бақшаға арналған тұрмыстық ыдыстарды сыйға тартуға дайын. Бұл эко­номикалық тұрақсыздыққа және мұқтаж жандарға барынша көмек көрсетуге деген ұмтылысқа байланысты болуы мүмкін», деп мәлімдейді сервис сарапшылары.

ст

Отандастарымыз кеңсе тауарлары мен электр құралдары­нан бастап жиһаз гарнитуралары мен тұрмыстық техникаға дейін тегін беруге дайын екен.

Сарапшылар қай қаланың тұр­ғын­дары көбіне заттарды өтеу­сіз пайдалануға беретінін анық­тап білді. Шеринг контексіндегі ең саналы қала – Павлодар. Бұл шаһардағы хабарландырулардың жалпы санының 3%-ын сыйлық ретіндегі хабарландырулар құ­райды.

ит

Еліміздің оңтүстік өңірі үшін бейтаныс адамдарға шеринг аса тән емес: Қызылорда, Шымкент және Түркістан қала­ларында «Сыйға беремін» сана­тындағы хабарландырулар осы қалалардағы барлық хабар­ландырудың 1%-ынан аспайды. Мүмкін, оң­түстік аймақта хабарландыру қыз­метіне жүгінбестен жақын және таныс адамдармен бөлісу және оларға көмектесу әдетке ай­нал­ған болар.