Әлем • 03 Мамыр, 2023

Анталияда Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай отандастарымыздың қатысуымен салтанатты іс-шара өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анталияда Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді

Мәдени бағдарлама аясында қатысушылар қазақ ұлттық аспаптарында музыкалық шығармаларды орындады. Сондай-ақ шығармашылық ұжым қазақ халық билерін ұсынды, ал соңында балаларға арналған шығармашылық байқау өткізілді. 

ҚР Бас консулы Қуат Қанафеев қатысушыларды мерекемен құттықтап, мұндай іс-шараларды өткізудің маңыздылығына тоқталып, отандастар арасындағы достық пен бірліктің одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. 

Мерекелік іс-шара үйлесімділік, бейбітшілік және келісім идеясына сәйкес келіп, отандастарымызға жылы әсер қалдырды.