Спорт • 03 Мамыр, 2023

Қазақстанның жас теннисшілері тайбэйлік спортшылармен шеберлік байқасады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында теннистен әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің ширек финалында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тайбэй өкілдерімен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның жас теннисшілері тайбэйлік спортшылармен шеберлік байқасады

Қазақстан жасөспірімдері В тобындағы соңғы ойында Азиядағы мықты құрамалардың бірі – Жапониямен кездескен еді. Бұған дейін екі құрама да ширек финалға жолдама алған. 

Бұл жолы жас отандастарымыз 0:2 есебімен қарсыластарына есе жіберді. Ариана Гогулина 2,5 сағатқа созылған бәсекеде Ямомото Хикариге жол берді – 6:3, 5:7, 3:6.

Ал Полина Слепцова Шихо Тцуджиокиге жол берді, есеп - 6:7 (5:7), 4:6. Бірінші партияда Полина 2:5 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестірген. Десе де, тай-брейкте жеңіліс тапты.

Енді жеребе қорытындысына сәйкес Ярослава Шведованың шәкірттері ширек финалда Тайбэй құрамасымен ойнайды.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10