Спорт • 03 Мамыр, 2023

Олимпиада елінен 8 медаль

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекияның бас шаһары – Афинада өткен тректегі велоспорттан халық­аралық жарыста Қазақстан құрамасы 8 жүлдеге ие болды. Оның бесеуі алтын, екеуі күміс, біреуі қола. Додада ел намысын 5 спортшы қор­ғады.

Олимпиада елінен 8 медаль

Мәселен, кейрин бағдарламасы бойынша ерлер арасындағы бәсекеде ел чемпионы, Токио олимпиадасына қатысушы Сергей Пономарев алдына жан салмай, халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Ал спринттегі сайыста ұлттық құраманың өкілі Андрей Чу­гай топ жарса, Сергей Пономарев қола жүл­деге ие болды.

Омниум жарысында Рамис Дінмұхамедов алтын, Артём Захаров күміске қол жеткізсе, дэдисоннан топтық жарыста Артём Захаров пен Рамис Дінмұхамедов мәре сызығын бірін­ші болып кесті. Сондай-ақ топтық жа­рыс­та Артём Захаров жеңіс тұғырынан кө­рінсе, скретч бойынша күміс медальге ие болды.