Мектеп • 03 Мамыр, 2023

Мектептерді жеміс бағы көмкереді

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент пен Түркістан қалала­рындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу­шылары өз оқу орн­ының айналасына же­­міс ағаштарын екті.

Мектептерді жеміс бағы көмкереді

Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды та­зарту, ағаш отырғызу, қоқыс­тарды сұрыптауға үйрету жө­ніндегі «Birgemiz: Taza Álem» жалпыұлттық жобасын іске асыру аясында «Әлеу­меттік жобалар қоры» КҚ жеміс ағаштарын отырғызу акциясын ұйымдастырды. Оған Шым­кент қаласының физика-ма­тематика бағытындағы және Түр­кістан қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушы­лары, сондай-ақ еріктілер қатысты.

«Біздің іс-шара Дүниежүзілік жер күнін мерекелеуге орай өткізілді. Ак­цияға қатысушылар мектеп аумақ­тарын көгалдан­дыруға өзінің үлесін қосуды жөн көрді. Осылайша, біз жас ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жастардың қоршаған ортаға, жер-анаға деген сүйіспеншілігін арттырғымыз келеді.

Болашақта осы мектептердің оқу­шылары біздің еріктілерге өз аула­сын­дағы бақшалар үшін риза болады деп үміт­тенеміз»,  дейді «Birgemiz: Taza Álem» жо­­басының жетекшісі Ербол Кеңгірбаев.

Акция қорытындысы бо­йынша Түр­кістандағы химия-биологиялық ба­­ғыттағы зият­керлік мек­тептің аума­ғында балалар алма, алмұрт шабдалы, өрік және шие ағаштарының 100 талын, шым­кенттік оқушылар 50 көшетті отыр­ғызды.

Еске салайық, қоршаған ортаны қорғау, өзен­дер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету жөніндегі «Birgemiz: Taza Álem» жобасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Оны іске асыру 2022 жылы басталып, 2024 жылдың соңында аяқ­талады. Үш жылдың қорытындысы бо­йын­ша жобаға 8 мыңнан астам ерікті тартылады деп жоспарланып отыр.