Қоғам • 04 Мамыр, 2023

1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

991 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігі «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» бұйрыққа түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Нақтырақ айтсақ, фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағасын мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылады:

  • 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 710 теңге;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге.

Түсіндірілгендей, темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасының көтерілу себептері: 

  • 2023-2024 жылдары акциз мөлшерлемесінің 14% артуы;
  • импорттық шикізат пен материалдардың құны орта есеппен 20% артуы;
  • темекі өнімдерінің шикізаты мен құрамдас бөліктерін логистиканың айтарлықтай күрделенуі;
  • 2022 жылы инфляцияның 20,3%-ға дейін өсуі.

Темекі мен темекі шегуді тарату мен пайдалануды қысқарту аясында темекі бағасы да көтеріледі.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді деп көзделіп отыр.

Құжат 19 мамырға дейін Ашық НҚА сайтына жарияланған.