Спорт • 05 Мамыр, 2023

Қазақстанның жас теннисшілері әлем чемпионатына жолдама алды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстан қыздар құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның жас теннисшілері әлем чемпионатына жолдама алды

Қазақстан теннис федерациясы ұсынған мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласында Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан іріктеу турнирінің жартылай финалында Ярослава Шведованың шәкірттері әлемдегі үздік құрамалардың бірі, жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг кубогінің бес дүркін чемпионы - Аустралия құрамасын 2:0 есебімен жеңді.

Бірінші ойында Ариана Гогулина сәтті өнер көрсетіп, 7:5, 3:6, 7:5 есебімен ұтты. Ол бірінші партияда 2:5 есебімен жеңіліп жатып, қатарынан бес геймді алды.

Ал Полина Слепцова Аустралия көшбасшысы Тахлия Коккинисті артта қалдырды. Есеп - 7:5, 6:4.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы осы жылдың күзінде өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды.

Айта кетсек, ертең, 6 мамыр күні финалда қазақ қыздары Жапония немесе Оңтүстік Кореяның біреуімен кездеседі.