Спорт • 05 Мамыр, 2023

Чонтей – қола жүлдегер

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Чонджу қала­сында жалауы желбіреген ауыр атле­­тикадан Азия чемпионатының ал­ғашқы күнінде ел қоржынына ал­ғашқы жүлде түсті.

Чонтей –  қола жүлдегер

55 кило салмақ дәрежесінде бақ сынаған Арли Чонтей биылғы сары құрлық додасында екі Вьетнам спортшысын алға жіберіп, қола жүлдегер атанды. Қазақстан ауыр атлеті жұлқа көтеруде 117 киломен алғашқы бағдарламада көш бастағанымен, серпе көтеру жаттығуында 141 кило зілтемірді бағындырып, үздік үштіктің қатарынан көріне алмады. Алайда ол қоссайыс қоры­тындысы бойынша 258 кило салмақпен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бұл – Арли Чонтейдің Азия чемпио­натындағы төртінші жүлдесі. Ол былтыр Бахрейннің астанасы Манамеде өткен біріншілікте – күміс, оның алдында Таш­кентте – алтын, ал 2019 жылы Қытайдың Нинбо қаласындағы жарыста қола жүлде жеңіп алған еді. Оңтүстік Кореядағы Азия чем­пионаты – келесі жылы Парижде өтетін Олимпия ойындарына жолдама беретін маңызды жарыстардың бірі.