Пікір • 06 Мамыр, 2023

Туризм де – табыс көзі

261 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі геосаяси аренада мемлекеттер арасында визасыз режім енгізу, түрлі салада ынтымақтастыққа жол ашу – қалыпты құбылыс. Өйткені күннен-күнге экономикалық ахуал күрделеніп, оған пандемия секілді жағдайлар қосылып, дағдарыстың күшеюі тіпті алпауыт мемлекеттердің өзін ынтымақтасуға итермелеп отыр. Қазақ елінің де айналасындағы көршілерімен экономикалық одақ құруы, визасыз режім енгізуі сол бағытта жасалған дұрыс қадам деп түсінуіміз керек.

Туризм де – табыс көзі

Қытайдың Қазақстанмен визасыз ре­жім­ орнатуға қадам басуының астарынан елі­мізге қарсы жымысқы саяси ілік іздеу дұ­рыс емес. Алайда бұл есікті айқара ашып қойып, көрінген көк аттыны ішке кір­гізе беру деген де сөз емес. Бұдан былай көші-қон саласына жауапты құзырлы органдар шекарадан кірген-шыққан адамдарды бұрынғыдан да жіті қадағалауға алып, тиянақты жұмыс жүр­гізуі керек. Қытайдың елі­мізге қатысты жымысқы сая­саты болмаса да, ол жақтан келетіндердің қандай адамдар екенін, қандай пиғылы барын кім білсін? Сондықтан Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті елімізге кіретін шетелдіктердің жүріс-тұрысын, іс-әрекеттерін қатаң бақылауға алатын болса, біз екі ел арасындағы қабылданып жатқан осы шараларға үрке қарамауымыз керек.

Қазақта «Төрімізге шыға­ра­мыз, бірақ төбемізге отыр­ғыз­­баймыз» деген сөз бар. Ви­засыз режім жағдайында да осы қағиданы басшылыққа ал­ға­нымыз дұрыс. Бір мысал­ айтайын, Дубайға қа­раңыз. Оның жер астындағы бай­лы­ғы біздің Атырау мен Маң­ғыс­­тау­дан асып бара жатқан жоқ. Бірақ арабтар туризмге барлық жағдайды жасап қойған. Со­ның арқасында әлемге танылды, туристер арқылы түс­кен пайдасы шашетектен, хал­қы бақуатты. Қазіргі күні қы­­тайлар – әлемдегі ең көп сая­хат­­тай­тын халықтардың бірі. Оларды біздің елге қарай тартатын болсақ, мұнда келу үшін міндетті түрде ұшағымызға отырады, қонақүйімізді жалдайды, мейрамханамыздан дәм татады, таксиге отырады, осының бәрі – елге шеттен кіріп жатқан табыс.

Сондықтан Қытаймен арада визасыз­ ре­жім енгізілуін қолдаймын. Тек жоғарыда айт­қанымдай, әрбір шетелдікті бақылауға алып, қадағалауды ұстау жағын босаңсытып алмасақ болды.

 

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ,

жазушы