Пікір • 06 Мамыр, 2023

Халықаралық тәртіп пен қағидат ескерілсе

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Қытай азаматтары ел арасында бір айға визасыз келіп-кету режімін енгізу мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл түсінікті де. Жалпы, екі ел қатынастарының дамуына көз жіберіп қарайтын болсақ, жақын әріптестік визалық режімге дейін-ақ қарқынды үрдіспен дамып келе жатқанын байқаймыз.

Халықаралық тәртіп пен қағидат ескерілсе

Қазір екі елдің қарым-қатынасы «жан-жақты мәңгілік стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтеріліп отыр. Сондықтан визалық режім екі ел қатынастарының дамуына кедергі келтірмейді деп айтуға негіз бар. Керісінше, визалық режім халықаралық тәртіпті сақтауға тиімді екенін көрсетеді.

Қазақстан мен Қытай ара­сындағы экономикалық байланыстар да айтарлықтай дамып келеді. Өйткені бұл байланыс екі елдің бір-біріне қажеттілігі мен ортақ мүддесі негізінде орнаған. Ал көлік транспорт пен логистикалық байланыс­тары халықаралық сипат алатындықтан, бұл бағыттағы әріптестік визалық режім болсын, болмасын өз ырғағымен дами береді. Оны ешкім де өзгерте алмайды. Дегенмен өз басым кез келген елмен етене байланыс жасауға қатысты сая­сатта Абай атамыз айтқандай «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген қағидатты ұстануды дәріп­тей­мін.

 

Нәбижан МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры,

тарих ғылымдарының докторы