1992 жылы туған Хамзин Жанат Жеңісұлы Есіл қаласында тұрған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да машинист болып жұмыс істеген. Биылғы жылдың 29 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. 4 мамырда ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.
2 мамыр күні Ақмола облысында тағы бір ер адамның денесі табылды. Слепокуров Сергей Анатольевич 1978 жылы туған, Бұланды ауданы, Боярка ауылында тұрған. 2022 жылдың 30 қыркүйегінде таңғы сағат 04:00 шамасында үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған.