Бокс • 06 Мамыр, 2023

Бокстан ӘЧ: Дулат Бекбауов пен Асланбек Шымбергенов 1/16 финалда жеңді

1446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 6 мамыр күні Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының екі мүшесі Дулат Бекбауов пен Асланбек Шымбергенов шаршы алаңға шықты. Екі спортшы да жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан ӘЧ: Дулат Бекбауов пен Асланбек Шымбергенов 1/16 финалда жеңді

Шаршы алаңға бірінші болып Дулат Бекбауов шықты. Ол 67 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финал кезеңінде Румыния өкілі Андрей Мустетті айқын басымдықпен жеңді.

Одан кейін 71 келі салмақта 1/16 финалда Асланбек Шымбергенов Тринидад және Тобаго боксшысы Аарон Принсті жеңді.

«Алғашқы жекпе-жек болғандықтан қиын болды. Алты күн демалғаным белгілі болды. Қарсылас жақсы боксшы болып шықты, тәжірибесі бар. Ең бастысы жеңдім. Құдай қаласа жеңеміз. Жеңіске жетіп, елге медальмен оралу үшін бар күш-жігерімізді саламыз», деді Асланбек Шымбергенов.

Бүгінге дейін Қазақстан ерлер құрамасы сапынан 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысатын үш боксшы жарыс жолынан шықты. Енді Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) жүлдеге таласпайды.