Оқиға • 08 Мамыр, 2023

Петропавлда тұрғын үйлер өртеніп кетті

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда қамыс өрті тұрғын үйлерге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда тұрғын үйлер өртеніп кетті

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі кешкі 19:00 шамасында 5-Сенная көшесінде қамыс өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскенін айтты.

Қатты желдің әсерінен өрт күшейе түскен.

ТЖ мәліметінше, 40 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

«Қатты желдің салдарынан лаулаған от жақын маңдағы үйлерге жетіп, баспаналар жанып кетті. Тұрғындар қауіпсіз жерге шығып үлгерді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт әзірге ауыздықталған жоқ», деді департаменттің баспасөз қызметі.