Бокс • 08 Мамыр, 2023

Бүгін бокстан әлем чемпионатында кімдер жұдырықтасады?

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан құрамасының үш өкілі бокстан әлем чемпионатында рингке шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін бокстан әлем чемпионатында кімдер жұдырықтасады?

Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда рингке 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан өкілі Махмұд Сабырхан бірінші болып шығады. Оның қарсыласы Венгриядан келген Иштван Шака.

Астана уақыты бойынша 19:00-де басталатын кешкі сессияда қазақстандық Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін)  өзбек Шодыр Меликузиевпен жұдырықтасады.

Қазақстандық спортшы Сағындық Тоғамбай (86 келіге дейін) кешкі сессия аясында А рингінде оныншы жекпе-жекте өнер көрсетеді. Оның қарсыласы өзбек Шохжахон Абдуллаев.

Соңғы жаңалықтар

Кореяда өткен қазақ құрылтайы

Құрылтай • Бүгін, 09:55

Кәсіпорында не кілтипан бар?

Мәселе • Бүгін, 09:45

Күзгі берекенің кепілі

Шаруашылық • Бүгін, 09:35

IPO қор нарығының қолдаушысы ма?

Сараптама • Бүгін, 09:30