Төтенше жағдай • 08 Мамыр, 2023

Медеудегі өртті сөндіру кезінде тағы бір қызметкер жарақат алды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 мамырда 23 сағат 52 минутта Медеу ауданы, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалы, Кіші Алматы орманшылығының тау баурайында құрғақ шөптер мен қураған ағаштардың жанып жатқаны анықталған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медеудегі өртті сөндіру кезінде тағы бір қызметкер жарақат алды

Өкінішке қарай, өрт сөндіру кезінде Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапты.

ТЖ министрлігі тағы бір қызметкердің жарақат алғанын хабарлады.

«Өртке қарсы қызметтің тағы бір қызметкері Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Оқасов Ерік Алмасбекұлы қолын жарақаттап алды», делінген министрлік жариялаған жедел ақпаратта.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазавиақұтқарудың Ми-171, Ми-8 тікұшақтары жұмылдырылған.

Оқиға орнында «Іле Алатау» МҰТП 42 қызметкері және ТЖД жеке құрамының 32 адамы мен 5 техника жұмыс істеп жатыр.