Спорт • 09 Мамыр, 2023

Месси Laureus нұсқасы бойынша үздік спортшы атанды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ПСЖ клубының шабуылшысы Лионель Месси Laureus тұжырымы бойынша «Жыл спортшысы» номинациясында үздік деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Месси Laureus нұсқасы бойынша үздік спортшы атанды

Месси дауыс беру кезінде әріптесі Килиан Мбаппе мен теннисші Рафаэль Надальдан басым түсті. Өткен жылы Месси Аргентина құрамасымен әлем чемионатында жеңіске жеткен еді.

Laureus марапаты 1999 жылдан бері беріледі. Әзірге жеңімпаз рекорды теннисші Роджер Федерерге тиесілі.