Әлем • 10 Мамыр, 2023

Пәкістан халқы наразылыққа шықты

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанда сейсенбі күні ұсталған бұрынғы Премьер-министр Имран Ханның жақтастары мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап. 

Пәкістан халқы наразылыққа шықты

Жұма күні Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен елде ұялы байланыс өшірілген еді. Хан сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптауларға жауап беру үшін Исламабад жоғары сотына келген кезінде ұсталған болатын.

Хан өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. «Әділеттікке қозғалыс» партиясы жариялаған бейнеүндеуіне ол бәріне дайын екенін мәлімдеді.

Өткен жылы сәуірде биліктен шеттетілгенінен бері Ханға қарсы жүздеген іс қозғалды. Оған қарсы тағылған айыптар арасында жемқорлық, терроризм және тіпті құдайға тіл тигізу бар.