Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 4 мамырда болған.
«Жеке тұрғын үйде 6 адам (2 ересек және 4 бала) белгісіз заттан уланған. Салдарынан 1984 жылы туған ер адам (әкесі) мен төрт баласы (2010 жылғы қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қайтыс болды», деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ 1985 жылы туған әйел (балалардың анасы) ауруханаға жатқызылған. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.
«Өлімнің алдын ала себебі - белгісіз заттан улану. Мән-жайды анықтау үшін төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы ғылыми-зерттеу зертханасы, газ қызметі мен СЭС шұғыл түрде шақырту орнына жіберілді», делінген хабарламада.