Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға 13 мамырда оралатыны белгілі болды. Ол АҚШ-тағы Стоктон аренасында Канада өкілі Стивен Батлермен 12 раундтық жекпе-жек өткізеді.
«Менің дивизионымдағы төрт белбеу де менікі болуы тиіс. Бұл - менің мақсатым. Мен Чарломен жұдырықтасқым келеді. Бұл жекпе-жекті қалаймын. Маған мықты қарсыластар керек. Танымал боксшы болудың жалғыз жолы - осы. Мен Мұхаммед Әли сияқты танымал болу үшін келдім!», деді Әлімханұлы.
Сонымен қатар, Әлімханұлы мексикалық Сауль Канело Альвареспен немесе ресейлік Дмитрий Биволмен бір алаңда кездесуі үшін екінші орта салмаққа өтуін жоспарлап отырғанын айтты.
«Келесі жылы чемпион болсам, 168 фунтта (супер орта салмақта) бокстасамын. «Канело» - мен үшін оңай жұмыс. Канело ғана емес, мен Биволды да оңай жеңе аламын. Мен өзімді жақсы білемін. Уақыты келгенде өздеріңіз де көресіздер», деді боксшы.