Аймақтар • 10 Мамыр, 2023

Маңғыстау облысының аумағы ұлғаяды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс аумағына Каспий теңізі акваториясына дейінгі 722 мың гектар жерді қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысының аумағы ұлғаяды

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Маңғыстау облысының жер көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жалпы ауданы 721940,2365 гектар жер облыс аумағына қосылмақ. Сәйкесінше, Маңғыстау облысының шекарасы да өзгереді.

лд

Облыс әкімдігі әзірлеген түсіндірме жазбаға сәйкес, мұндай тапсырманы Үкімет басшысы тура бір жыл бұрын Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында берген.

Қаулы жобасы 24 мамырға дейін ашық талқылауда болады.