Адамдар мен тышқандардың ортақ генетикалық ерекшеліктері көп екені ғылымда дәлелденген. Оның үстіне ғалымдар іргелі зерттеулер барысында тышқанның физиологиясын, анатомиясын және метаболизмін зерттеу арқылы адамның қалай жұмыс істейтіні туралы құнды түсініктерге ие болады. Бұл дегеніңіз – тышқандардың адам гендерінің ұқсас факторларға қалай әрекет ететінін түсіну үшін керемет сәйкестік. Генетикадан басқа, тышқандардың биологиялық жүйелері адамдардікі сияқты жұмыс істейді.
Соңғы екі онжылдықта бұл ұқсастықтар бұрынғыдан да күшейе түсті. Ғалымдар енді «трансгендік тышқандар» деп аталатын, адам ауруын тудыратындарға ұқсас гендерді тасымалдайтын генетикалық өзгеріске ұшыраған тышқандарды өсіріп жатыр. Осы арқылы ғалымдар қатерлі ісік тудыратын химиялық заттардың әсерін білу және есірткі қауіпсіздігін қадағалау үшін пайдаланылуы мүмкін «тәжірибелі тышқандар» жасамақшы.
Биомедициналық зерттеулердің алғашқы легінде ғалымдар белгілі бір қажетті сипаттамалары бар зерттеу нәтижелеріне қол жеткізу үшін арнайы тышқандарды тәжірибеге таңдау және өсіру арқылы тышқан үлгілерін жасаған. Осы жерде «ғалымдар тышқандарды адамның генетикалық бұзылыстарын модельдеу үшін пайдаланды ма?» деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Бірақ ғалымдар олардың дамуын зерттеу және емдеудің жаңа әдістерін сынау мақсатында осы қадамға барғаны белгілі. Өйткені ғылыми құрал ретінде тышқандар зерттеу барысын жылдамдатуға көмектесті және маңызды жаңа препараттарды жасауға мүмкіндік берді.
Адам жағдайларының көптеген белгісі тышқандар мен егеуқұйрықтарда қайталануы мүмкін. «Егеуқұйрықтар мен тышқандар қазіргі ғылымда көптеген зерттеу сұрақтарына жауап беру үшін қолдануға жарамды сүтқоректілер», дейді АҚШ Ұлттық денсаулық институтының (NIH) зертханалық жануарларды қорғау кеңсесінің өкілі Дженни Халиски.
Сонымен бірге тышқандарды тәжірибе жасауға материал ретінде сатып алу арзан әрі олар күтімге ыңғайлы. Генетикалық ғылыми тәжірибелер жасау үшін тышқандардың тез көбейгені әлдеқайда пайдалы іс. Олар үш апта сайын көбейіп отырады. Сондықтан ғалымдардың жұмыс істейтін тәжірибе құралы ретінде пайдаланылады. Ал тышқандардың кішкене әрі епті дене көлемі де ғалымдардың әрбір зерттеуі үшін таптырмайтын қолайлылық әкеледі. Оның үстіне тышқандардың өмір сүру ұзақтығы қысқа, яғни ғалымдар қартаю әсері туралы оңай болжам жасай алады. Осы арқылы ғалымдар бір ұрпақ арасында болатын тіршілік дағдыларын да зерттеуге мүмкіндік алады.
Ал тышқандардың ең алдымен, медицина ғылымына қосқан үлесі өте зор екенін біреу білсе, біреу білмес. Сол үшін де тышқандар атеросклероз және гипертония сияқты күрделі ауруларды зерттеуде өте пайдалы. Өйткені бұл ауруларға байланысты көптеген ген тышқандар мен адамдарда бірдей. Тышқандардан алынған талдамалар жиынтығы адам денесіндегі осы аурулардың генетикалық қауіпі туралы анық түсініктер мен деректер бере алады.
Қатерлі ісікке қарсы жаңа препараттарды жасаудан бастап диеталық қоспаларды сынауға дейін тышқандар мен егеуқұйрықтар жаңа медициналық талдамаларды жасауда, сараптауда анағұрлым маңызды рөл атқарады. Биомедициналық зерттеулер қорының (FBR) мәліметтеріне сәйкес барлық зертханалық жануарлардың 95 пайызы – тышқандар мен егеуқұйрықтар.
Медициналық сынақтарда қолданылатын тышқандар мен егеуқұйрықтардың басым көпшілігі тұқым қуалайды. Сондықтан жыныстық айырмашылықтардан басқа, олар генетикалық жағынан да бірдей. Адам геномын зерттеу ұлттық институтының мәліметінше, бұл медициналық сынақтардың нәтижелерін біркелкі етуге көмектеседі. Ең аз талап ретінде эксперименттерде қолданылатын тышқандар бірдей таза тұқымды түрден болуы керек.
Тышқандар мен егеуқұйрықтар үлгі ретінде пайдаланылатын адам ауруларына гипертония, қант диабеті, семіздік, талма ауруы, тыныс алу жүйесі аурулары, саңыраулық, қатерлі ісік, жүрек ауруы сияқты жиі кездесетін ауру түрлері жатады.
Ғалымдардың айтуынша, тышқандардың геномын басқару салыстырмалы түрде оңай екен. Егер әрбір іргелі зерттеуге ғалымдар тышқанның орнына піл немесе керіктерді таңдаса, онда нәтиже де, ғылыми тәжірибелерге кеткен шығын да мүлде басқаша болар еді. Бұған тәжірибе жасау кезіндегі зардап шегу мәселесін қосыңыз. Тышқандар адамды жаралай алмайды, ал басқа жануарлар мен жәндіктерден қауіп зор. Жуық жылдардан бері ғалымдар тышқандарды мінез-құлық, қартаю, тамақтану және генетикалық зерттеулерге, сондай-ақ есірткіге тәуелділікті тоқтатуға қарсы дәрілерді сынауда қолданып жатыр.