Отандық режиссер Ардақ Әмірқұлов өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы қиын кезеңді баяндайтын «Жел тоқтаған жер» фильмінің түсірілімін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық туынды ашаршылық кезінде өмір сүрген жас әйел мен оның балалары жайында баяндайды. Фильм желісі бойынша оның күйеуі Сібірге жер аударылған, ал келіншек балаларын жетектеп жалғыз асыраушысының артынан еріп барады. Әйелдің жолы бүкіл Қазақстанды басып өтеді, ол сынақтар мен қиындықтарға толы болады.
«Фильм қалың көрерменге арналған, өйткені фильмде баяндалатын қайғылы оқиға әр қазақ отбасын тебірентеді», деп жазды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы.
Режиссердің айтуынша, көркем фильмнің түсірілімі аяқталды, енді команда оны монтаждауы керек.
Астананың Сарыарқа ауданында жаңартылған аулалар ашылды
Елорда • Бүгін, 19:55
Үшінші қазақ таеквондошысы ширек финалда жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 18:43
Әлемде табысы миллион доллардан асатын байлардың саны азайды
Әлем • Бүгін, 18:13
Мұнай экспортының 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы жүзеге асырылады
Экспорт • Бүгін, 17:55
Ұқсас жаңалықтар