Тағайындау • 11 Мамыр, 2023

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті тағайындалды

3057 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті болып тағайындалды. Ол бұл міндетті негізгі қызметімен қоса атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті тағайындалды

Ақылбек Күрішбаевтың есімі мен еңбегі ғылыми қауымдастыққа кеңінен таныс. Әсіресе, еліміздің аграрлық ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі орасан. Ол басқа қызметтерін айтпағанның өзінде А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын басқарған жылдары отандық агроғылымның алға басуына септігін тигізді. Ауыл шаруашылығы министрі болып тұрғанда да агроғылымға ерекше назар аударғаны көпшіліктің есінде.

«Ауыл шаруашылығы ғылымның докторы, профессор, академик Ақылбек Күрішбаев «Агробиология және экология бөлімшесінің жетекшісі ретінде жалпы аграрлық ғылымды, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, егін және көкөніс өсіру, су ресурстарын басқару, экология, табиғатты қорғау салаларының қызметін үйлестіреді», деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Отандық ғылым мен білім саласының көрнекті өкілі, ірі ғалым Ақылбек Күрішбаев жаңа мәртебеге ие болған Ұлттық ғылым академиясының жұмысын одан әрі жандандыра түседі деген сенім зор.