«Бізге әрдайым қолдау көрсетіп, тақымдарыңызды қысып нағыз жанкүйер болғандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Спорт болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Шаршы алаңға тек жеңіс үшін шайқасуға көтерілеміз. Қандай нәтиже болса да сіздердің қолдауларыңыз біз үшін маңызды. Бұйырса әлі-ақ сан мәрте көк байрақты желбірететініме сенемін және сол жолда аянбай еңбек етеміз. Жартылай финалға жолдама алған батырларымызға жеңіс тілеймін. Алға Қазақстан!», деп жазды боксшы.
Айта кетейік, аса ауыр салмақта ел намысын қорғаған отандық боксшы ширек финалда Өзбекстанның атақты боксшысы Баходир Джалоловпен жұдырықтасқан еді. Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен өзбек былғары қолғап шебері жеңіске жетті.