Оқиға • 11 Мамыр, 2023

Астана орталығында салынып жатқан үйден өрт шықты

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада жаңадан салынып жатқан үйден ірі өрт шықты. Салдарынан аспанды қара түтін басты, деп хабарлайды Egemen.kz

Астана орталығында салынып жатқан үйден өрт шықты

Бүгін сағат 15:01-де Ақмешіт - Сығанақ көшелерінің қиылысындағы жаңа ғимараттан өрт шықты. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері барғанын хабарлады.

«Өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына барған кезде жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің аумағында битум мен сыртқы терілер жанып жатқаны анықталды. Өрт 15:17-де оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ТЖД қызметкерлері.