Оқиға Рысқұлбеков көшесінде болған. Полицияның 102 арнасына әйел хабарласып, оның 45 жастағы жұбайы 6-қабаттан секіремін деп қорқытып жатқанын айтқан.
Оқиға орнына келген патрульдік полицейлер ер адаммен диалог жүргізіп, оны райынан қайтаруға тырысқан. Ал екінші қызметкер пәтерге кіріп, ер адамды ұстап алып, тартып кіргізген.
Тұрғынды мұндай әрекетке не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.