Шаруашылық • 12 Мамыр, 2023

«TortTulik» – мал баққандардың мобильді қосымшасы

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 1 маусымнан бастап малшыларға арналған «TortTulik» мобильді қосым­шасы іске қосылады. Жобаны Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі экономикалық сая­сатты талдау орталығымен бір­ле­сіп әзірледі.

«TortTulik» – мал баққандардың мобильді қосымшасы

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «EQ»

Қосымша Ауыл шаруашы­лы­ғы жануарларының базасын ке­ңей­туге көмектеседі, ол әр­бір мал иесіне (ШҚ, ЖШС, ЖҚШ т.б.) өз малын түген­­деуге көмектеседі. Қо­­сым­шаның арқасында ве­те­­ри­нарлық дәрігер­лер ве­­те­ринарлық-профи­лак­ти­калық іс-шараларды уақтылы және то­лық көлемде жүргізуге де мүм­кін­дік алады.

Қосымша смартфонда онлайн режімде жұмыс істейді. Интернет бол­маған жағдайда, бағдарлама желіге қосылғаннан кейін деректер жаңартылады. Бағдарлама арқылы ветеринарлық төл­құ­жат алуға болады және бола­шақта малды сатып алу-сату, жо­ғалтқан таңбаны ауыстыру, сон­дай-ақ сойғаннан кейін жануар­ды есептен шығару рәсімдерін жа­сау­ға мүмкіндік бар.

«TortTulik» ауыл тұрғындары үшін ақпараттық хабқа айналады. Мобильді қосымшада саланың соңғы жаңалықтарын тарату мүмкіндіктері, алдағы вакцинация туралы хабарламалар бар. Қосымша жаңартылған сайын ет сатып алушыларға ар­налған бөлім енгізілетін болады. Ел тұрғындары «sogym.kz» қосымша бетінде тікелей ауыл шар­уа­шылығы тауарын өнді­ру­шіден жануардың ветери­на­­рлық бақылауынан өткен тұтас етіне тапсырыс бере алады», де­лін­­­ген министрлік хабарламасында.

Әзірге «TortTulik» қосым­ша­сын Playmarket-тен жүктеуге болады. Әзірлеушілер қосым­шаның кейін iOS-тағы смарт­фон­дарға бе­йім­делетінін айтады. Айта кете­йік, бүкіл ел бойынша 1,5 млн мал иесі мобильді қосымшаның әлеуетті пай­да­ла­ну­­­­шылары болады деп күтіліп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше