Қоғам • 12 Мамыр, 2023

Алматы қалалық туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімінің өкімімен қалалық туризм басқармасының басшысы болып Ғалия Тоқсейітова тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Алматы қалалық туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ғалия Тоқсейітова 1991 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Ғалия Еленқызы Президент жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2013 жылы Алматы қаласы қаржы басқармасының бас маманы қызметінен бастаған.

2016-2019 жылдары Алматы қаласы қаржы басқармасының кірістерді орындау, қарызға қызмет көрсету және кредит беру бөлімінің басшысы болды.

2019 жылдан бастап күні бүгінге дейін Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.