Теннис • 13 Мамыр, 2023

Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елена Рыбакина Рим мастерс турниріне қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

Жарысты екінші айналымнан бастаған Қазақстан теннисшісі италиялық Ясмин Паолинді жеңіп, үшінші айналымға өтті.

Елена Рыбакина екі партияда да басым түсті. Бірінші ойында 7:6 (7:4) болса, екінші ойында 6:1 болды.

Қазақстанның бірінші ракеткасының келесі қарсыласы Ресей теннисшісі Анна Калинская.