Бокс • 13 Мамыр, 2023

Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары белгілі болды

657 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 5 Қазақстан боксшысы финалға өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары белгілі болды

Боксшылардың финалдағы қарсыластары белгілі болды.

80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай Қытай атынан қатысып жатқан қазақ Тоқтарбек Танатқанмен жұдырықтасады.

Ал Қазақстан құрамасының капитаны 71 келі салмақтағы Асланбек Шымбергеновтің қарсыласы Өзбекстан боксшысы Саиджамшид Джафаров.

Финалға бірінші болып өткен 48 келіге дейінгі салмақтағы отандасымыз Санжар Тәшкенбай Грузия боксшысы Сахил Алахвердовимен жұдырықтасады.

54 келіге дейінгі салмақтағы Махмұд Сабырхан финалда өзбек боксшысы Ойбек Джураевпен кездеседі. Әрі қазақ боксшысы алтынға үміткер.

67 келіге дейінгі салмақтағы Дулат Бекбауовтың қарсыласы өзбек боксшысы Асадхуджа Муйдинхуджаев.