Ережесіз жекпе-жек шебері әлеуметтік желіде өз ойынына ұтыс тікпеуге шақырды.
«Жігіттер, бауырлар! Жекпе-жегіме ұтыс тікпеулеріңізді сұраймын. Ұтыс тігу дегенің − қарыз алу, алдау, босқа үміттену, мал мүлкіңнен айырылу. Оның соңы − отбасының берекесін құрту және ажырасу. Сіздер маған жанкүйерсіздер. Мен де өз жанкүйерлерімнің бақытты отбасы болуына жанкүйермін. Жақсылықта, жеңісте жүздесейік!», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.