WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы жекпе-жекте жеңіске жетіп, атағын қорғап қалды.
Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді. Дегенмен, Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын екі рет нокаутқа жіберіп, екінші раундта жеңіске жетті.
Айта кетсек, бұл чемпионның он төртінші жеңісі. Ал Стивен Батлер мансап жолында осымен төртінші мәрте жеңіліп қалды.