Бокс • 15 Мамыр, 2023

«Еңбек - бәрін жеңбек»: Ұлттық құраманың бас бапкері әлем чемпионатының нәтижесіне баға берді

2294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов өз шәкірттерінің Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы сәтті өнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Еңбек - бәрін жеңбек»: Ұлттық құраманың бас бапкері әлем чемпионатының нәтижесіне баға берді

2023 жылғы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан өкілдері төрт алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) алтын алса, Дулат Бекбауовқа (67 келі) күміс бұйырды.

«Боксшыларымыз жоғары деңгейде өнер көрсетті. Оның бәрі еңбек. Еңбек бәрін жеңбек деген сөз бар. Сол ұстаныммен біз еңбек еттік. Соның арқасында осындай үлкен жетістікке жеттік. Сонымен қатар рингте жеңіске жетудің басты кілті - спортшыларымыздың тәртібі мен еңбекқорлығы болды деп ойлаймын», деді  Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин спортшылармызды Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша нәтижесімен құттықтаған еді.