Қоғам • 15 Мамыр, 2023

Академиядағы суицид: ҰҚК қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін ҰҚК академиясының курсанты өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған еді. Осы орайда комитет төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Академиядағы суицид: ҰҚК қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

Марат Қалқабаев полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатқанын еске салды.

«Суицидтің кез-келген фактісі қылмыстық істің бір бөлігі ретінде тергеледі. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті қорытынды жасап, халыққа жария қыламыз», деп сендірді комитет төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, бұл оқиға бойынша ҰҚК өкілдері қызметтік тергеу жүргізген.

«Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге ниет білдірген үміткерлер мұқият тексеруден өтеді, оған қоса психологиялық сынақтар да қарастырылған. Академияда мониторинг жиі жүргізіледі, бізде арнайы және психологиялық қызмет, кадрлық қызмет бар. Бірақ осы қайғылы жағдайдан кейін талдау жүргізіліп, тексеру жұмыстарына елеулі түзетулер енгізілді», деп қосты спикер.