Қаржы • 15 Мамыр, 2023

Доллар қымбаттады

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар қымбаттады

Күндізгі сауданың нәтижесіне қарағанда, доллардың орташа сараланған бағамы 4,23 теңгеге көтеріліп, 450,48 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 13-15 мамырдағы бір долларға арналған ресми бағамы 445,99 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,76 теңгеден сатып алынып, 450,89 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 447,40 теңге, сату – 450,80 теңге.