Қоғам • 15 Мамыр, 2023

Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады?

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың маусым айында қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндеріне қосымша тағы бір күн демалыс алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар үшін 28 маусымға келетін Құрбан айтта қосымша демалыс беріледі.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында демалыс күндері келесі күнге сәйкес келеді:

Сәрсенбі 28 маусым демалыс, 29, 30 маусым жұмыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасына:

26, 27 маусым жұмыс күндері жұмыс, 28 маусым демалыс күні, 29, 30 маусым және 1 шілде жұмыс күндері.

Барлығы маусым айында бес күндік жұмыс аптасында 9 күн демалыс, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 күн демалыс болады.